Долинка кентінде жалпы орта білім берудің 2 ұйымы жұмыс жасайды: №8 жалпы білім беретін мектеп және №4 жалпы білім беретін мектеп. Долинка кентінде мектепке дейінгі білім берудің 2 ұйымы қызмет жасайды: «Жұлдыз» мини-орталығы және «Айналайын» мини-орталығы. 1–11 сыныптардағы оқушылардың жалпы саны – 538. Оның ішінде №4 жалпы білім беретін мектепте – 384 оқушы, №8 жалпы білім беретін мектепте – 154 оқушы. Жалпы білім беру қызметін 62 педагог жүзеге асырады.
Әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту және нығайту мақсатында 2025 жылы №4 мектепте акт залының жөндеу жұмыстары 2 млн 500 мың теңгеге және интерактивті тақталар мен кеңсе техникасын сатып алу 2 млн 700 мың теңгеге аяқталды. №8 мектепте мини-орталықтың металл қоршауына жөндеу жұмыстары 2 млн 500 мың теңгеге аяқталды.