Электрмен жабдықтау:
Кентте энергиямен қамтамасыз ететін ұйым – «Жарық» ЖШС, энергияны беретін ұйымдар – «Энергия Строй» ЖШС және Абай РЭС «КРЭК» ЖШС болып табылады. «Жарық» ЖШС-нің Долинка ауылындағы абоненттер саны: жеке тұлғалар – 1824 абонент.
Энергияны беретін ұйым «ЭнергияСтрой» ЖШС кенттің электр желілерін күтіп ұстаумен және жөндеумен айналысады. Айта кету керек, бұл кәсіпорынның жыл сайын жүргізетін жұмыстарының нәтижесінде апаттық жағдайлардың саны азайып келеді. 2025 жылы энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту және жағдайды оңалту үшін «ЭнергияСтрой» ЖШС келесі іс-шараларды өткізді:
-0,4 кВ-тік желілердің 9 км ауысуы, Южный, Луговой, Мостовая көшесі бойынша;
-Долинка кентіндегі Уялы көшесі және Северо-Западный кентіндегі Бурцева көшесі бойынша 2 трансформаторды капиталды жөндеу;
Өткен кезеңдегі электр энергиясын өшірулер бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде, қолайсыз ауа райы жағдайларында сымдардың үзілуі немесе тоғысуы, найзағай соғуы себепті 14 оқиға тіркелген (2024 жылы – 15 апаттық өшіру).
Абай РЭС-ке қарасты «КРЭК» ЖШС қызмет аймағында (Советская көшесі, Степная көшесі, РМЗ, Мостовая көшесінің бір бөлігі және Заводской өткелі) 2025 жылғы есептік кезеңде электр энергиясын өшірудің 6 оқиғасы тіркелген, себебі – Жартас ауылындағы «Қарағанды» қосалқы станциясының апаттық өшіруі (2024 жылы – 13 апаттық өшіру).
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» атты елдімекенді дамыту бағдарламасы аясында
Кентте 58 көшеге жарықтандыру жүргізілді. Қазіргі таңда барлығы 1352 жарық нүктесі жұмыс істейді. Жалпы есепке алғанда соңғы 3 жылда ауылда 943 жарық нүктесі орнатылып, жарықтандырудың жоспарлы көрсеткіші 100%-ға жетті. 2025 жылы Долинка кентіндегі көшелерге жарықтандыру жүйесін кеңейту жұмыстары аяқталды — төмендегi көше аттары бойынша 426 жарық нүктесі орнатылды: Сарыарқа, Нұрлы, Ұялы, Мәңгілік, Медеу, Береке, Достық, Тұлпар, Көктем, Дімұхамед Қонаев, Бажанов, Обручев, Павлов, Южный көшесі, Долинский, Луговой, Строительный, Клубный, 1‑ші тұйық, 2‑ші тұйық, 3‑ші тұйық , 4‑ші тұйық (барлығы 22 учаске).
«Абаттандыру» бағдарламасы бойынша
Аталған бағдарлама аясында Бурцев көшесі, Сенная көшесі, Садовая көшесі және Южный көше бойындағы 4 қолданыстағы балалар ойын алаңын жөндеу және абаттандыру жұмыстары аяқталды. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде үнемделген қаражат, тұрғындардың өтініші және МӘК мүшелерімен келісу негізінде Береке көшесінде тағы бір жаңа балалар ойын алаңы орнатылды.
Сонымен қатар, тротуар желісін дамыту және елді мекендердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында №4 және №8 мектептер ауданында 1047 м ұзындығында жаяу жүргіншілер жолдарын салу және жалпы ауданы 576 м² болатын 2 автотұрақ аймағын ұйымдастыру жұмыстары аяқталды.
Елді мекеннің көркін жаңарту мақсатында Садовая көшесі, Долинская көшесі, Андрейкин және Клубный көшелері бойындағы қоршауды ағымдағы жөндеу және ауыстыру жұмыстары 2,1 км ұзындығында аяқталды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару
2025 жылдың қыркүйегінен бастап, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыпты болуын қамтамасыз ету мақсатында, кестеге сәйкес, қоқыс шығаруды ұйымдастыру және қызмет көрсетушіні ауыстыру мәселелері бойынша тұрғындармен жиналыс өткізілді. Өткізілген жиналыс нәтижесі бойынша, 2025 жылғы 1‑қазаннан бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметтерін көрсетуші ретінде «ИП Investing» тағайындалды, 2025 жылдың желтоқсан айындағы «Жаңа вестник» газетінде осы қызмет көрсету туралы қоғамдық шартты жариялау жөніндегі материал дайындау туралы хабарланды. Бүгінгі күнге дейін тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жазылған абоненттердің жалпы саны — 1824 абонент. Бір адамға бір айлық тариф (шын мәнінде тұратын адам үшін) — 442,05 теңге. Заңды тұлғаларға қатысты — қоқыс шығару қызметтері бойынша келісімшарттар жасау үшін қызмет көрсетуші тарапынан жеке кездесулер ұйымдастырылуда.
Қазіргі уақытта, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтау, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды орталықтандырылған түрде жинақтау мақсатында, Долинка елді‑мекеніндегі аумағында 54 рет ұйымдастырылған қоқыс алаңы бар; соның ішінде — Долинка кентінде -40, Северо-Западный елді‑мекенінде -14. 2025 жыл ішінде халықтың өтініштері негізінде 4 ТҚО алаңы демонтаждан өткізілді.
Су жабдықтау
Ағымдағы жағдай:
Долинка кентіндегі су құбырларының жалпы ұзындығы 37,872 км құрайды, оның ішінде Северо-Западный учаскесі — 12,623 км. Барлығы 27,29 км желілер су жабдықталумен қамтылған.
Долинка кенті (ГРП учаскесін қоса алғанда): су жабдықталған желілер бойынша 487 абоненттің орталық су жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар; Долинка кентіндегі жалпы абоненттер саны – 1046. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардан 9 абонент, заңды тұлғалардан 7 абонент қосылған.
Северо-Западный кенті су жабдықталған желілер бойынша 674 абоненттің орталық су жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта жеке тұлғалардан 114 абонент, заңды тұлғалардан 3 абонент қосылған.
Су жабдықтау желілерін салу жобасына кірмеген 3 учаске бар (Шахтинская, Сенная және Гапеева көшелерінің бір бөлігі), барлығы 25 абонент. Ағымдағы жылы Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі аталған учаскелер бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жүргізген.
Долинка кенті әкімдігінің аппараты 113 су құдықтарын жабдықтары мен қақпақтарымен қамтамасыз етілгенін тексеру мақсатында тексерген. Нәтижесінде 14 құдық жабылды. Қазіргі уақытта кенттердегі су құдықтарын жабу жұмыстары толық аяқталған.