
Кент тұрғындарына медициналық көмек «Отбасылық денсаулық орталығы» Долинка кентіндегі медициналық бөлімшесі арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін халық саны – 8591 адам.
Туберкулезбен күресті күшейту және туберкулез инфекциясының таралуын азайту мақсатында профилактикалық флюорографиялық тексерулер жүргізіледі. 2025 жылдың 11 айында 1936 адам тексеруден өтті. Балаларға иммунопрофилактика жүргізу қамтылуы 95%-ды құрайды.
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша медико-демографиялық көрсеткіштер өсті: туу коэффициенті 16,3%-ға артты, 50 адам дүниеге келді (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 43 адам). Өлім-жітім коэффициенті 24,05%-ға көбейді, жалпы өлім саны – 71 адам (өткен жылдың сәйкес кезеңінде – 57 адам).
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кентте нәрестелер өлімі, бала өлімі және ана өлімі тіркелген жоқ.