2026 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Азаматтарды Департамент басшысының орынбасары Жумабаева З.М. қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Кездесу барысында мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңдылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Ашық есік күнін» өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықтың мемлекеттік орган қызметіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
📲 Қаптамадағы Data Matrix кодын сканерлеп, дәрі туралы:
✔️ өндіруші мен тіркеу деректерін;
✔️ таңбалау мәртебесін;
✔️ дәрінің заңды айналымда екенін;
✔️ белгіленген шекті бөлшек бағасын тексеруге болады.
🔎 Тексеріңіз. Салыстырыңыз. Құқығыңызды біліңіз!
https://www.gov.kz/.../kmfk/press/news/details/1271353...
#NAQTYONIM #дәрілікзаттар #цифрлықтаңбалау #Қазақстан #МФБК #фармация #тұтынушықұқығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік заттардың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 дәрілік заттардың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 дәрілік заттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 дәрілік заттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын дәрілік заттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
Дәрілік заттардың нақты бағасына мониторинг таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы дәрілік заттардың қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты сату бағасын мемлекет бекіткен шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Тұтынушылар үшін дәрілік заттардың бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда дәрілік заттардың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және оған белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие дәрілік заттарға аударылып отыр.
Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеу 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік заттарға қолданылады. Сонымен бірге 4 918 дәрілік заттар мемлекеттік реттеуден шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын рецептпен босатылатын дәрілік заттар бар.
Департамент шекті бағалардың сақталуын бақылауды жалғастыруда: Заңнама талаптары бұзылған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 426 бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.
2026 жылғы 30 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» және азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және профилактикасын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Азаматтарды қабылдауды фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі мамандары Қажиакпар Г.З., Серікболат Г.Т. және Хайрешева Ж.М. жүргізді. Қабылдау барысында азаматтарға қызықтырған сұрақтары бойынша толық жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету, оларды алу тәртібі және белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және мемлекеттік қызметтерді көрсету мен алу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлық қойылған сұрақтар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Комитет төрағасы орынбасарының 08.07.2026 жылғы №-25/3174-И шығыс хатын орындау мақсатында, келесіні хабарлайды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген.
Қағидаға сәйкес, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мынадай тәсілдермен жойылады:
1) медициналық бұйым тесуді, жыртуды қоса алғанда, демонтаждау, бөлшектеу, механикалық зақымдау жолымен, осындай зақымдаулар медициналық техниканы кейіннен қайта қалпына келтіру және оны бастапқы түрінде пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда, егер өндіруші ұйым әзірлеген медициналық бұйымның пайдалану құжатында өзгеше белгіленбесе, басқа да зақымдау тәсілдерімен, сондай-ақ, егер өндіруші ұйым әзірлеген медициналық бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе өртеу жолымен жойылады;
2) сұйық дәрілік нысандар кейіннен сұйықты 1:100 арақатынаста сумен араластыру және алынған ерітіндіні кәріз жүйесіне төгу (аэрозольдық баллондарға алдын ала саңылау жасалады), жаншу жолымен жойылады, ампулалардың, аэрозольдық баллондардың, пакеттердің және сауыттардың қалдықтары шығарылады және іске жарату жолымен жойылады;
3) суда еритін дәрілік заттардың субстанциясынан тұратын қатты дәрілік нысандар (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар) ұнтақ күйге жеткенше ұсақтағаннан кейін 1:100 арақатынаста суға еріте отырып және кәріз жүйесіне төгу жолымен жоюға жатады;
4) суда ерімейтін дәрілік заттардың субстанцияларынан тұратын қатты дәрілік нысандар (ұнтақтар, таблеткалар, капсулалар), жұмсақ дәрілік нысандар (майлар, суппозиторийлер), дәрілік заттардың трансдермальдық нысандары, сондай-ақ фармацевтикалық субстанциялар өртеу жолымен жойылады;
5) иммунологиялық дәрілік препараттар залалсыздандырылып және 30 минут бойы (күйдіргіге қарсы вакцинаны – 2 сағат) қайнату немесе Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген дезинфекциялау құралына салып қою жолымен жойылады және кәріз жүйесіне төгуге жатады.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Тізімнің II кестесінде есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды, бос құтылар мен ампулаларды, шикізатты, материалдарды, материалдар қалдықтарын, сынамаларды, қалдықтарды, жартылай өнімдерді жою Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы орайда, дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Департамент басшысы А.Жунисбекова
Орын. А.Кенжегалиева
Тел.8(7112) 25-01-1
🩺 Медициналық қызметті лицензиялаудағы жаңа талаптар
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.
📌 2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:
РБЖ-2.0 жүйесіне
Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге
міндетті түрде қосылуы тиіс.
🏥 Лицензия алу үшін негізгі талаптар:
санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы
🏛 Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.
📌 Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.
Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық ота жасайтын клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
Бұл шешім медициналық қызмет сапасы мен пациент қауіпсіздігін бақылауды күшейту үшін қабылданды.
2021 жылдан бері пластикалық хирургия саласында 92 жоспардан тыс тексеру өткен. Нәтижесінде лицензия талаптары мен медициналық көмек көрсету ережелерін бұзу деректері анықталды. Кейбір ұйымдар қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.
Заң бұзушылықтар бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Қазіргі таңда прокуратурадан 122 клиникаға тексеру бойынша тапсырыс түсті. Оның ішінде ең көп клиникалар - Алматы мен Астана қаласында. Енді сол бойынша біздің департамент арнайы комиссияны жасақтап жатыр. Тәуелсіз сарапшыларды қосымша осы комиссия құрамына бекітеміз. Сол бойынша бүкіл клиникаларды тексеруді жоспарлап отырмыз" - деді ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
2026 жылғы 25 маусымда Департаментпен облыстың медициналық ұйымдары және кәсіпкерлері үшін медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына енгізілген өзгерістер бойынша оқыту семинары өткізілді.
Сонымен қатар, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының мамандары «СУР 2.0» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізді.