
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов Батыс Қазақстан облысына қызметтік іссапары барысында Денсаулық сақтау басқармасының Алқа отырысына қатысты.
Алқа отырысына Облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов, алқа мүшелері, медициналық мекеме басшылары, Басқарманың бас штаттан тыс мамандары қатысты.
Отырыста БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Мадияр Утешев 2024 жылғы жұмыс нәтижелері туралы және
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитететінің БҚО бойынша департаменті басшысы
Айнагуль Жунисбекова медициналық ұйымдарды тексеру қорытындылары туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, іссапар аясында вице-министр БҚО аумағында жаңадан қолданысқа берілген медициналық мекемелерді аралады.