
2024 жылғы 13 желтоқсанда «Зерде-Фарма» ЖШС Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алды.
«Зерде-Фарма» ЖШС Орал қаласында 2020 жылдың 1 ақпанында ашылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша «Зерде-Фарма» ЖШС-нің 17 филиалы Орал қаласында орналасқан, оның ішінде осы Стандартты 13 дәріхана енгізген.
«Зерде-Фарма» ЖШС Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігін инспекциялаудан сәтті өткені үшін құттықтаймыз.
Сіздерге одан әрі табыс, жаңа жетістіктер мен өркендеу тілейміз! Облыс халқының денсаулығын жақсарту үшін жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!