
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінде 2024 жылдың 19 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауды әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ж. Султанов, және бас мамандар Серікова А.А.,Серікболат Г.Т., жүргізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде сұрақтарға толық көлемде жауаптар берілді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтер көрсету мен медициналық қызметтер жөніңде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.