2024 жылғы 21 қараша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстан облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаментінің басшысы Айнагүл Аманбайқызы Жүнісбекова Zhaikpress.kz желілік басылымына Департаменттің қызметі, дәрілік заттарды таңбалауды енгізу және шекті бағаларын сақтау туралы сұхбат берді.
Егер дәріханада белгіленген шекті бағадан асатын дәрілік заттарды сату фактісі анықталған жағдайда, шағымды DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе өтінішті онлайн eOtinish азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы, дәріхананың мекен-жайын көрсете отырып, сатып алу туралы чекті және растайтын құжаттартарды тіркеп, өтінішті жазбаша түрде Департаментке жаза алатыны атап айтылды.