
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ және ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп 2024 жылғы 23 қыркүйек күні білім беру саласы айналасындағы медициналық қызметкерлерге түсіндірме мақсатында кеңес-семинар өткізілді. Кеңеске 190-ға жуық мектеп, балабақша, университет, колледждің медициналық қызмет өкілдері қатысты.
Семинардың өзектілігі, «дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-19 бұйрығы, «Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы» ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығы, «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы, «Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-155/2020 бұйрықтары, бойынша толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазан айында колледж және университеттердің медициналық қызметкерлерінің сұрауы бойынша жеке кеңес-семинар өткізілетін болады.