
БҚО әкімдігі әкім орынбасары Б.Х. Нарымбетовтың қатысуымен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп 2024 жылғы 18 Наурызда «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау» мәселесіне қатысты фармацевтикалық қызмет субъектілерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Фармацевтикалық бақылау субъектілеріне дәрілік препараттардың қозғалысын есепке алу және бақылау қандай схема бойынша жүзеге асырылатыны, цифрлық таңбалау туралы ереже қандай дәрілік түрлерге қолданылмайтыны айтылды.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қаулысына сәйкес ҚР-да көтерме-бөлшек сегментте де, ТМККК/МӘМС шеңберінде де барлық дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау енгізіледі.
Тауар туралы цифрлық ақпаратты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында цифрлық таңбалауды енгізудің мақсаты:
1) тұтынушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғау, оларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз ету;
3) тіркелмеген дәрілік заттардың айналысын азайту;
4) жалған және Контрафакт фактілерін, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды босату немесе сақтау бойынша бұзушылықтарды, шекті бағаларды көтеру туралы бұзушылықтарды анықтау.
«Азаматтарымызға қауіпсіз және сапалы дәрі-дәрмектерге кепілдік беру үшін а.ж. 1 шілдеден бастап барлық дәрі-дәрмектер көтерме-бөлшек сегментте де, ТМККК/МӘМС шеңберінде де таңбалануы және қадағалануы тиіс. Енді біз препараттың өндірушіден қалай шыққанын және әр пациентке жеткенін көре аламыз. Соңғы уақытта біз кәсіпкерлермен, фармацевтикалық бақылау субъектілерімен кездесіп, олардың арасында осы жаңалықтарға дайын болу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Қазақстанда 7 мыңнан астам дәрілік заттар тіркелген және олардың барлығы таңбалануға жатады, — деді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Жәмила Мадимарова.