
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті 2023 жылғы 25 тамызда облыстың дәріхана ұйымдарымен ZOOM қосымшасы арқылы ҚР ДСМ МФК БҚО бойынша басшысы және бас мамандарының қатысуымен семинар - кеңес өткізді. фармацевтикалық ұйымдарынан 15 өкілдері қатысты.
Семинар-кеңесте бөлім басшысы Ж. К. Мадимарова " дәрілік заттардың медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер. Дәрілік заттың жағымсыз реакциялары туралы хабарламаларды толтырудың маңыздылығы жөніндегі жұмыс туралы тақырыпта баяндама жасады.
Бұдан басқа, 2024 жылғы қаңтардан бастап дәрілік заттардың бағасын реттеудің 2 кезеңіне көшуді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін оңтайландыру және жақсарту жөніндегі жұмысты және дәрілік заттың жағымсыз реакциялары туралы хабарламаларды толтырудың маңыздылығы жөніндегі жұмысты түсіндірді.