Медициналық жұмыскерлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Медицина үздігі-2023» республикалық конкурсының «Үздік провизор» номинациясы бойынша өңірлік конкурс өткізілді

Медициналық жұмыскерлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Медицина үздігі-2023» республикалық конкурсының «Үздік провизор»  номинациясы бойынша өңірлік  конкурс өткізілді

«Медициналық жұмыскерлер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 30 мамырында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментімен Батыс Қазақстан облысының «Үздік провизор»  номинациясы бойынша өңірлік  конкурс өткізілді.

Конкурсқа практикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес провизорлар қатыса алатын.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысу үшін қатысушылар келесі талаптарды орындау қажет болатын:

1) номинацияны көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) фотосуреті бар түйіндеме;

3) қатысушы жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының басшысы растаған кәсіби қызмет туралы мәліметтер және тиісті номинацияға бағалау әдістемесінде көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпарат бар есеп (15 баспа парақтан артық емес););

4) қатысушы туралы бейнеролик (3 минуттан артық емес).

5) қатысушының қалауы бойынша қосымша мәліметтер (10 шрифтпен 3 баспа парақтан артық емес) ұсыну.

Өңірлік комиссия мүшелері болып «Батыс Қазақстан облысының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер ассоциациясы» ЖШ, «Ерекше қауіпті сарбаздар» ҚҰ ассоциация мүшелері, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының дәрілік заттармен қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы және Департамент мамандары қатысты.

Өңірлік  конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз - «Зерде-Фарма» ЖШС дәріханалар желісі менеджері Мажитова Анар Қайырбайқызы танылды.

А.ж. 31 мамырында Департамент басшысы жеңімпазға мадақтама табыс етті.