Кәсіби бағдар: «OPEN DAY» шарасы өткізілді

Кәсіби бағдар: «OPEN DAY» шарасы өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты халыққа жеткізу, мектеп түлектеріне дұрыс мамандық таңдауға бағыттау мақсатында медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде «OPEN DAY» іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға облыстың химия-биология бағытында білім алатын мектеп бітіруші түлектері қатысты.
Ашық есік күн аясында оқушылар мекеменің құрылымымен, функционалдық міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен танысты.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері қатысушыларға мемлекеттік қызметке түсу, оны өткеру, соңғы енгізілген конкурстық іріктеудің жаңа тәсілдерін түсіндірді.
Болашақ жас мамандар достық атмосферада өткен іс-шарада оқушылар департамент қызметкерлерімен мансаптық өсу тақырыбы төңірегінде сұрақ-жауап алмасты.