
“Медициналық қызметкерлер күні” мерекесі қарсанында Департаменттің “медициналық қызметті профилактикалық бақылау” бөлімінің басшысы Хайрушев Дархан Манарбекович ҚР ДСМ-нің “Денсаулық сақтау саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды.
20 жылдан астам Денсаулық сақтау саласында, оның ішінде 10 жыл бас дәрігер қызметін атқарып, халықтың алғысына бөленген білікті маман, басшы ретінде облысымызға белгілі медицина саласының үлгілі өкілі.
Бүгінгі таңда медициналық қызметті бақылау саласында қызмет атқарып келеді.
Дархан Манарбековичті шын жүректен құттықтаймыз және жұмыста толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!