Қазіргі таңда фармацевтикалық нарықта мемлекеттік реттеу жүргізілетін бірқатар дәрілік заттарға бағаның төмендеуі байқалады. Өзгерістер жаңартылған баға белгілеу механизміне сәйкес, дәрілік заттардың құнын қалыптастыру ашықтығын және болжамдылығын арттыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді. Рецептіден тыс босатылатын 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды және өкілетті органның тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіліп, нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.
2025 жылы Департамент өңірде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг өткізді. Зерттеуге бес фармакологиялық топқа: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қантамырлық және асқазан-ішек жолының ауруларын емдеуге арналған препараттарға жататын ең көп сұранысқа ие болған 50 препарат қосылды.
Дәрілік заттардың бағасына жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, ең айқын төмендеу келесі препараттар бойынша тіркелді: Форсига, Нольпаза, Бисопролол-Тева.
Департамент тұрғындарды