Меню

Страницы

Статья

Тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу

Өкінішке орай, Қазақстан нарығында, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында пациенттердің құқықтарын, тауар белгілері мен патенттер иелерінің құқықтары мен коммерциялық мүдделерін бұза отырып, тиісті сертификаттаусыз және тіркеусіз заңсыз таратылатын дәрілік заттар мен МБ бар.

Департамент 2020 жылы ҚР ӘҚБтК 426-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелмеген ДЗ және МБ бұзушылықтары бойынша 32 әкімшілік іс қозғады.

Соттың қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы – 11 000 880 теңге айыппұл салынды, тәркілене отырып қызметін тоқтата тұру.

Осыған байланысты Департамент мұндай құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, «білместен» бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 251-бабының 3-тармағына сәйкес

Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, егер олар:

      1) клиникалық зерттеулер жүргізуге;

      2) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сараптамасына;

      3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;

      4) медициналық қолдану және сатып алу мүмкіндігімен нақты бір пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге;

      5) оларды одан әрі өткізу құқығынсыз көрмелер өткiзуге;

      6) гуманитарлық көмекке (жәрдемдесуге), төтенше ахуалдарды болғызбауға және (немесе) олардың салдарын жоюға;

      7) инновациялық медициналық технологияларды енгізуге;

      8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар беретін және (немесе) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы терең саралаудан өткізген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алуына;

      9) медициналық бұйымның құрамына немесе құрылғысына кіретін және медициналық бұйымның құрамынан немесе құрылғысынан тыс дербес пайдалануға арналмаған жиынтықтауыш ретінде пайдалануға;

      10) радиоактивті, биологиялық және химиялық заттардың (вакциналардың, антидоттардың) әсерінің профилактикасына және оның салдарын емдеуге арналған болса, уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелуге жол беріледі.

Бүгінгі таңда әркімнің жеке пайдалану үшін де, көтерме және бөлшек саудада өткізу мақсатында да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шекара арқылы және ел ішінде еркін өткізуге құқығы бар.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 253-бабының 1-тармағына сәйкес

Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдар, егер олар:

      1) жеке тұлғалардың өзі пайдалануына;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадаларын және көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;

      3) халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған болса, Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.

Алайда, көтерме және бөлшек саудада өткізу мақсатында субъектілер оны тіркеу, өткізу, жарнама жүргізілетін ережелерді ескеруге, сондай-ақ олар бұзылған жағдайда қандай жауапкершілік туындауы мүмкін екенін білуге міндетті.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 252-бабына сәйкес

 Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi мыналар жүзеге асыра алады:

      1) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер;

      2) қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша, дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзуге лицензиясы бар не медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер;

      3) осы Кодекске сәйкес дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;

      4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама жүргізу, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынаулар үшiн және Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу үшiн дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды шетелдiк өндiрушiлер, олардың уәкiлеттi өкiлдiктерi (филиалдары) немесе олардың сенiм бiлдiрген жеке және заңды тұлғалары;

      5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 233-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады

Тіркелмеген ДЗ мен МБ сатуға тыйым салуды бұзған жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 426-бабының ережелері мен санкцияларына ұшырайды – «фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу».

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 426 бабының 3 тармағына сәйкес

Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, –

      қызметтi тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Мұндай істерді тек сот қарайды және жаза қолданады.

Дата публикации
05 августа 2021
Дата обновления
05 августа 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
10 сентября 2021
Қазақстанда бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттарға шекті бағалар бекітілді
Баяндама
05 августа 2021
Тіркелмеген дәрілік заттарды өткізу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы