Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы көрсетілетін қызметті алушыларға ескертуге
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360 Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құзыретіне осы Кодекстің 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру кіреді және Департамент дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы лицензиары болып табылады.
Фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензиялау «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық жүйесі және Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау түрінде жүргізіледі.
Батыс қазақстан облысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы орган 2020 жылғы 12 айда 53 тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша: 50 лицензия берілді және 3 бас тарту берілді.
Ағымдағы жылы осы мемлекеттік қызметті ҚР электрондық лицензиялау порталы (http://internal.elicense.kz) арқылы көрсету кезінде, Департамент кәсіпкерлік субъектісі өтініш жасаған кезде мәліметтер нысанында көрінеу жалған мәліметтер берілген бір фактіні анықтады.
2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бұл факт әкімшілік құқық бұзушылықты көздейді, 432-баптың 1-бөлігі (медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде, оның ішінде құжаттарды бұрмалау арқылы көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат беру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса).
Бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу үшін Департамент БҚО полиция департаментіне процессуалдық шешім қабылдау және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерін анықтау үшін материал жіберді.
Сонымен қатар, процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін аталған материал әкімшілік іс жүргізу шеңберінде қаралып, кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолданды.
Қосымша ретінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласында өтініш берген кезде, медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезінде көрінеу жалған мәліметтер мен ақпарат бере отырып, оның ішінде құжаттарды бұрмалау арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыларға назар аударуыңызды сұраймыз, ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық жаза көзделеді (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) - жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе жүз алпыс сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамалға алуға құқығы бар.
Комитеті департаментінің
және фармацевтикалық бақылау
Денсаулық сақтау министрлігінің
Қазақстан Республикасының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
фармацевтикалық қызметті бақылау
және дәрі-заттар мен медициналық бұйымдар
бағаларының мониторингілеу
бөлімінің басшысы Мадимарова Ж. К.