Баспасоз

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті 2023 жылғы 20 сәуірде «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығын (бұдан әрі - №32 Бұйрық) талқылау бойынша Zoom бағдарламасы арқылы онлайн семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Батыс қазақстан облысы медициналық ұйымдарының фармацевт/провизор мамандары, онколог дәрігерлер және медбикелер қатысты, барлығы 56 адам.

Күн тәртібіне сәйкес, қатысушыларға  №32 Бұйрық бойынша Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды сақтау, пайдалану, босату, рецептілерді жазу және т.б. қағидаларын мүлтіксіз сақтау туралы талқыланды.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 240 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 470 «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» қаулысына  өзгерістер енгізу және толықтыру туралы» қаулысына сәйкес «Трамадол», «Кетамин» психотроптық заттарды сақтау және пайдалану қағидалары түсіндірілді.

Пресс-релиз
Дата публикации
24 августа 2023