ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізу үшін Департамент басшысының 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 35 НҚ бұйрығы (бұдан әрі – № 35 НҚ бұйрығы) негіз болып табылады, онда жауапты тұлға №1 қосымшаға сәйкес жұмыс тобының басшысы Департамент басшысының орынбасары Н.Н.Нияров болып табылады.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті РММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (бұдан әрі - № 12 бұйрық) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
№ 12 бұйрықтың 11 тармағына сәйкес Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Департаменттің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі - ҚР ДСМ БҚО бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметі (фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі) 2022 жылдың 2 жарты жылдығында және 2023 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі өткізілді және талданды.
Талдау бағыты - талдау объектісінің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау бағыты бойынша - бөлімшенің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша келесі мәселелер зерделенді:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру.
Тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды.
Сонымен қатар, Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.