GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз отралығы
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
25 сентября 2026
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша Департаменті» РММ әдеп жөніндегі уәкіл Ж.С.Самалованың ұйымдастыруымен, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сүлейменов Нұрлан Жақыпұлы, қатысуымен Мемлекеттік қызмет туралы Заңы туралы түсіндірме жүргізілді. Кездесу барысында 2026 жылдың 1 шілдесінен бастан жаңа “Мемлекеттік қызмет туралы Заңының” күшіне еңгендігі туралы түсіндірме жүргізді. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтауларын басып айтты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мәселесі кеңінен түсіндірілді.
  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша Департаменті» РММ әдеп жөніндегі уәкіл Ж.С.Самалованың ұйымдастыруымен, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сүлейменов Нұрлан Жақыпұлы, қатысуымен Мемлекеттік қызмет туралы Заңы туралы түсіндірме жүргізілді. Кездесу барысында 2026 жылдың 1 шілдесінен бастан жаңа “Мемлекеттік қызмет туралы Заңының” күшіне еңгендігі туралы түсіндірме жүргізді. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтауларын басып айтты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мәселесі кеңінен түсіндірілді.
03 сентября 2026
2026 жылдың 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық және фармацевтикалық қызмет бағыттары бойынша «Ашық есік күні» өткізді.
2026 жылдың 2 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық және фармацевтикалық қызмет бағыттары бойынша «Ашық есік күні» өткізді.  
08 июля 2026
GPP сертификатын тапсыру
"Тиісті дәріханалық практика» (GPP) стандарттарына сәйкестігін тексеру нәтижесінде, 2026 жылғы 8 шілдеде Департамент 
басшысының орынбасары Жаннат Самалқызы Самалова
ШЖҚ «Қаратал аудандық орталық ауруханасы» МКК-нің дәріханасына GPP сертификатын табыс етті.
Медициналық қызметті бақылау
07 июля 2026
Медициналық қызметті лицензиялаудағы жаңа талаптар. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.

📌 2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:
РБЖ-2.0 жүйесіне
Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге міндетті түрде қосылуы тиіс.
🏥 Лицензия алу үшін негізгі талаптар:
санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы
🏛 Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.
📌 Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.

Медициналық қызметті бақылау
01 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті.

Талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен бекітілген.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап денсаулық сақтау субъектілері меншік нысанына қарамастан Ресурстарды басқару жүйесіне (РБЖ-2.0) және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық (зертханалық) цифрлық жүйені белгілеуге тиіс.

Елімізде денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келетін 33 медициналық және 17 зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілер тіркелген. Медициналық және зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілердің тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында сілтеме бойынша орналыстырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/196758?lang=ru&ysclid=mq9eiki56f634161171.

РБЖ-2.0-де субъектіні техникалық қолдау мен сүйемелдеуді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы жүзеге асырады, өңірлерде субъект «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарына жүгіне алады.

Халыққа медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне мыналардың болуы қажет екенін атап өтеміз:

1) санитариялық қағидаларға сәйкес келетін үй-жайлар.

Лицензияны (оған қосымшаны) алғанға дейін субъект санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға тиіс.

2) мамандар:

 - тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар,

- мәлімделген медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілікті арттыру.

3) өтініш берілген берілген бейін бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес жұмыс істейтін медициналық жабдықтар, мүкәммал/жиһаз және басқа да құралдар.

4) Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген жеткізушілер жеткізетін медициналық цифрлық жүйе.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері лицензиар органдар болып табылады.

Лицензиар орган рұқсат беру бақылауы барысында (лицензия немесе оған қосымша берілгенге дейін) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеретін болады. Субъект барлық құжаттардың түпнұсқаларын, соның ішінде медициналық цифрлық жүйені жеткізушімен жасалған шартты ұсынуы және оның жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, субъектіде медициналық цифрлық жүйенің болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарын тексеру барысында тексеру жоспарлануда.

26 июня 2026
2026 жылғы 23 маусым — Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметшілер күні — Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Радина Ерболқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
24 июня 2026
“Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ Жетісу облысы әкімінің аппараты экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Тілек Арынханұлы және АТЖ және БАҚ -пен байланыс бөлімінің маман-теологы,РАТТ мүшесі Булекбаев Ерік Аманкелдіұлы Департамент қызметкерлерімен “Мемлекеттік қызметкердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау” мақсатында семинар жүргізді
Медициналық қызметті бақылау
23 июня 2026
Департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі 2026 жылдың 23 маусымында жеке медициналық ұйымдармен кеңес өткізді

1. 2026 жылғы 8 мамырда денсаулық сақтау субъектісінде медициналық цифрлық жүйенің (бұдан әрі – МЦЖ) жинау, өңдеу үшін болуы бөлігінде біліктілік талаптарын толықтыру тиісті бейін бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыру үшін дербес медициналық деректерді сақтау жөніндегі бұйрыққа енген өзгерістер туралы;
2. Ағымдағы жылдың 12 шілдесінен бастап лицензия немесе лицензияға қосымша алуға үміткер барлық денсаулық сақтау субъектілері (оның ішінде жеке кәсіпкерлер, консультивтік кабинеттер) үшін медициналық қызметті лицензиялау кезінде – МЦЖ-ның болуы жаңа талапты енгізу туралы;
3. Меншік нысанына қарамастан (оның ішінде ЖК нысанында) барлық жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау субъектілеріне МЦЖ қосу, сондай-ақ «РБЖ-2» АЖ есептік жазбасын жасау және толтыру қажеттілігі туралы.
МЦЖ-ның болуын орган лицензиар рұқсат беру бақылауы барысында (лицензияны (оған қосымшаны) берілгенге дейін) өндірістік базада тексеретін болады – субъект МЦЖ жеткізушісімен шарттың түпнұсқасын ұсынуы және оның жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, субъектіде МЦЖ бар – жоғын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарын тексеру барысында тексеру жоспарлануда.

19 июня 2026
Медицина қызметкері күні қарсаңында Департаментте салтанатты іс-шара өткізілді, оның барысында қызметкерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызметтік этиканы сақтаудың негізгі нормалары түсіндірілді
Фармацевтикалық қызметті бақылау
16 июня 2026
Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі 2026 жылдың 16 маусымында интернет-дәріханалар, дәрілік заттарды шығару қағидалары бойынша бөлшек сауда субъектілерімен ZOOM кеңесі өткізілді
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы