2024 жылдың 21 ақпаны Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРЗ Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) құқықтық оқыту жүргізілді

2024 жылдың 21 ақпаны Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРЗ Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) құқықтық оқыту жүргізілді

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 9 ақпандағы №15 н/қ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2024 жылға арналған  жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмыс жоспарын бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚРЗ Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) құқықтық оқыту жүргізілді.

            Департаменттің бөлімдері Кодекстің өз құзыреттілігіне жататын бөлімдері бойынша баяндамаларын оқыды. Бастапқы сөзді медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ғ. Алтынбай бастады. Өз баяндамасында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жайында оның ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау және медицина қызметкері құпиясы жайлы тоқталып, толықтай ақпарат берді.

            Екінші кезекте сөзді медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы С.Б. Абдрахманова жалғастырды. Өз баяндамасында «денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар мен хабарламалар» жөнінде оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметті лицензиялау және лицензияға қосымшаны алу туралы Кодекстегі ақпараттармен оқу жүргізді. Және денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлерін сертификаттау туралы айта өтті.

            Фармацевтикалық инпекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Р.С. Мухамадиева дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында "инспекция" лауды жүргізу туралы қысқаша баяндап, сөзді бөлімнің бас маманы Б.А. Нусупов жалғастырды. Баяндамасында денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар мен хабарламалар» жөнінде оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы фармацевтикалық қызметті лицензиялау және сертификаттау туралы айта өтті.

            Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау жөнінде ақпараттарды Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу бөлімінің басшысы  Д.Б. Зауренбекова баяндады. Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау оның ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы профилактикалық бақылау туралы Департамент қызметкерлері ақпарат алды.