Меню

Страницы

Статья

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және мемлекеттік қызмет көрсету ережесі.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және мемлекеттік қызмет көрсету ережесі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» құжат рұқсат құжаттарын алу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы фармацевтикалық өнімнің қозғалысын реттейді.

Бұйрық:

  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және әкету тәртібі;
  • өтініштердің нысандары және қажетті құжаттардың тізімі;
  • әкелінетін және әкетілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
  • мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, форматы және ережелері.

Қазақстан Республикасының аумағына тіркелген дәрілік заттарды әкелуге (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен) келісім және (немесе) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жібереді.

Рұқсат беру құжаты ҚР аумағынан әкету кезінде қажет:

  • тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
  • тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;

Яғни кез келген фармацевтикалық өнімді келісусіз экспорттау мүмкін емес.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:

"Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1)Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрілік заттарды әкету;
2)Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген дәрілік заттарды әкету;
3)Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген медициналық бұйымдарды әкету;
4)Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген медициналық бұйымдарды әкету.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы:

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің аумақтық департаменттері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәсілдері:

  • Egov.kz электрондық үкімет порталы
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы Elicenze.kz.

Барлық құжаттар онлайн тіркеледі.

Бұйрыққа сәйкес әкетуге келісім алу үшін өтініш беруші:

Көрсетілетін қызметті алушы

Белгіленген нысан бойынша электрондық өтініш (көрсетілетін қызметті алушы, көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы, көрсетілетін қызметті алушының телефоны, электрондық поштасы, көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН) (бар болса), шығару мақсаты,өнім беруші, экспорт елі,импорт елі, өндіруші, өнім берушінің заңды мекенжайы, өнім берушінің заңды мекенжайы, өнім берушінің телефоны, электрондық поштасы, өнім берушінің елі, келісімшарттың (шарттың)нөмірі, келісімшарт (шарт)күні, сипаттаманың (қосымшаның, инвойстың, шот-фактураның) нөмірі, сипаттаманың (қосымшаның, инвойстың, шот-фактураның) күні, әкетуді жүргізетін кедендік орган, Дәрілік заттардың/медициналық бұйымдардың атауы, концентрациясы, дозалауы өлшеп-орау (нөмірі), шығару нысаны, өлшем бірлігі, саны, өндіруші, өндіруші ел, тіркеу куәлігінің нөмірі, тіркеу куәлігінің берілген күні).

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, қазақ немесе орыс тілдеріндегі келісімшарт немесе шарт туралы, фармацевтикалық және медициналық қызметке, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар туралы мәліметтерді, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған қызметтің басталуы туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алып жібереді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:

Өтініш берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні (дұрыс ресімделген жағдайда).

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.          

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері:Тегін.

           

 
Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

15 декабря 2025
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және мемлекеттік қызмет көрсету ережесі.
21 ноября 2025
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік- құқықтық актілер.
28 октября 2025
Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензияны алу үшін өтінім беру алгоритмі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы