Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензияны алу үшін өтінім беру алгоритмі

ттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы Ахметқали Меруерт Еркінқызы.

Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензияны алу үшін өтінім беру алгоритмі

1.Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына арналған қызметті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асыруға өтінім беру www.egov.kz, www.elicense.kz.

2.Лицензиарды таңдаңыз - ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.

3.Қызмет түрін таңдау:

Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткiзуге, пайдалануға, жоюға байланысты қызмет.

4.Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауын көрсету.

5.ЭЦҚ арқылы қол қою.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі.

Лицензия алу үшін:

1)көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш;

2)ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес оның орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:
а) Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру кезінде 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

б) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды,
в) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеуді көрсетілетін қызметті алушы Екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

лицензия алу үшін:
      3) белгілері бар қызметкерлер тізімінің электрондық көшірмесі:
ішкі істер органдарының қызметкерлерін тиісті тексеру туралы;
наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің қызметкерлері арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы алкоголизм аурулары бар адамдардың жоқ екендігі туралы (наркологиялық және (немесе) психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны (тұрмайтыны) туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады);
      4) жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайды күзету шартының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш тіркелген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде өтініш тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.

 

Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлеке

Дата публикации
28 октября 2025
Дата обновления
28 октября 2025
Тип

Сейчас читают

15 декабря 2025
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және мемлекеттік қызмет көрсету ережесі.
21 ноября 2025
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік- құқықтық актілер.
28 октября 2025
Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензияны алу үшін өтінім беру алгоритмі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы