«Е-лицензия» ақпараттық порталында «Дәрілік заттардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі қолжетімді болды.
Сертификат денсаулық сақтау ұйымдарында фармацевтикалық өндіріс, дәріханалар, фармацевтикалық қоймалар, дәріхана пункттері сияқты дәрілік заттардың айналымы саласында жоспарлайтын және жұмыс істейтін мамандарға қажет.
Сертификаттаудың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатты іске асыру, фармацевтикалық нарықта көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестік үшін жағдай жасау болып табылады.
Сертификаттау міндетті рәсім болып табылады. Маман куәлігін беруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырып жатыр.
Сертификат алуға өтініш 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат 5 жыл әрекет ету мерзіміне беріледі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлерге «Фармация» мамандығы бойынша маман сертификаты беріледі, оның келесі маманданулары бар: «Фармациядағы менеджмент», «Клиникалық фармация», «Фармациядағы сапа менеджменті». Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлер «Фармация» (фармацевт көмекшісі) мамандығы бойынша сертификат ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім туралы диплом (оқуды 2015 жылға дейін аяқтаған қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
2) жалпы көлемі кемінде 4 кредит (120 сағат) аттестаттау кезінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген мамандық немесе мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификат;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің шлюзінде (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін) қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (болған жағдайда);
Мамандығы бойынша соңғы 3 жыл және одан да көп үзіліс алған мамандар сертификат алу үшін жалпы көлемі кемінде 8 кредит (240 сағат) көлемінде мәлімделген мамандық бойынша (студенттердің білім, қабілет, дағдыларды меңгеруі және құзыреттілігін дамыту) біліктілігін арттырудан өтеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес денсаулық сақтау мамандары қосымша және бейресми білім беру арқылы қосымша білім мен дағдыларды алады. Қосымша білім беру білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мамандығы бойынша соңғы 3 жыл және одан да көп үзіліс алған мамандар кәсіби дайындықты бағалау нәтижесін қоса беруі тиіс.
Өтінішті elicense.kz сайтында «Денсаулық сақтау» қосымша бетін таңдап, одан кейін «Дәрілік заттардың айналысы саласындағы маманның анықтамасын беру» қызметін басу арқылы беруге болады.
Сертификат алу үшін қажетті құжаттар тізімін сілтеме арқылы қарай аласыз (№3 қосымшаны қараңыз): https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021818
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Р.Мухамадиева