Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі- Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына сәйкес, "фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28085 және "Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығында тіркелген"(Бұдан әрі-ҚР ДСМ-237/2020 Бұйрығы) мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

  1. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру.
  2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензия беру.

3."Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетуге келісім және (немесе) қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беру".

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

– фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде-15 (он бес) жұмыс күні;

–лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде-3 (үш) жұмыс күні;

– лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде-2 (екі) жұмыс күні.

- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде-10 (он) жұмыс күні;

- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде-3 (үш) жұмыс күні;

- лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде-2 (екі) жұмыс күні;

Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкетүге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру-3 (үш) жұмыс күні;

Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көрсетеді.

Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Фармацевтикалық қызметке және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды төлейді:

1) фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК)құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензия беру кезіндегі ставканың 100% -. құрайды.

4) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру кезінде 20 АЕК-ті құрайды;

5) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

6) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензия беру кезіндегі ставканың 100% -. құрайды.

Сондай-ақ, Департамент Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес медициналық білім алған адамды "Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетеді – жеке тұлғаның біліктілігін және оның клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға дайындығын қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметке дайындығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қараудың және қорытынды (рұқсат беру құжаты-сертификат) берудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі жоғарыда көрсетілген бұйрықтармен бекітілген.

Жетісу облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің байланыс телефоны: 8 (7282) 24-06-52. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

Департаменттің бас маманы Б. А. Нусупов

Виды государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности
Дата публикации
30 апреля 2024