О приостановлении серии (партии) некоторых медицинских изделий

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО

И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс

тел: +7 (7172) 74-34-50  e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

 

 

 

010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8,

Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50

e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

         

                        ҚАУЛЫ                                                                                                                    ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

Кейбір медициналық бұйымдардың

серияларын (партияларын)

тоқтата тұру туралы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық мақсаттағы бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтатылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және «СК-Фармация» ЖШС жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 4-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.

  1. Сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған, тыйым салынған немесе қолданылуы шектелген, өткізу немесе өндіру, немесе айналыстан алып қоюға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге оларды қайтару қажеттігі туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде, Комитеттің аумақтық бөлімшесіне Қағидалардың 15-тармағына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы ақпарат ұсынсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 5 қантар
№ 26-14-8/И және 2023 жылғы 5 қантар № 26-14-7/И хаттары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Кашкымбаева

     

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Бас фармацевтикалық

инспектордың 2023 жылғы _

 ___ қантарды № _____

қаулысына қосымша

 

Медициналық бұйымдардың кейбір серияларының (партияларының)

тоқтата тұруға жататын тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Медициналық бұйымдардың атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі

1.

ҚР-ММБ-5№019180

Үйлесімді сорғыларға арналған Infusomat® plus line (Инфузомат плюс лайн) венаішілік инфузиялар жүйесі

Б.Браун Мельзунген АГ (B.Braun Melsungen AG), Германия

серия (lot) 21K01E8SGA, 2026 жылдың қантарына дейін жарамды, 2000 дана.

2.

ҚР-ММБ-5№012382

Бір реттік, стерильді MiniCollect ланцеттері, өлшемдері мен конфигурациялары әр түрлі (тесу тереңдігі 1 мм-ден 3 мм дейін)

Грейнер Био-Уан ГмбХ (Greiner Bio-One GmbH), Австрия

серия (lot) N199042, 2024 жылдың сәуіріне дейін жарамды, 2000 дана

 

 

 

 

 

О приостановлении серии (партии) некоторых медицинских изделий
Дата публикации
14 ноября 2023