Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2026 жылдың 6 айындағы қызмет қорытындыларын шығарды.
Облыс аумағында мемлекеттік бақылаумен 1 049 медициналық және фармацевтикалық объект қамтылған, оның 551-і медициналық, 498-і фармацевтикалық қызмет саласына жатады.
Есепті кезеңде Департамент мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша 5 011 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның 4 871-і (97,2%) медициналық бағытқа, 140-ы (2,8%) фармацевтикалық бағытқа тиесілі. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында 190 адамды қамтыған 14 іс-шара өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
2026 жылдың 6 айында Департаментке 589 өтініш келіп түсті. Оның 510-ы (86,6%) медициналық қызметтерге, 79-ы (13,4%) фармацевтикалық қызмет саласына қатысты. Өтініштердің басым бөлігін медициналық көмектің сапасына қатысты мәселелер құрады — 288 өтініш.
2026 жылдың 6 айында жалпы сомасы 11,6 млн теңгеге 83 әкімшілік хаттама жасалды.
Департамент қызметінде ведомствоаралық өзара іс-қимылға, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға, дәрілік заттардың заңды айналысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуге ерекше назар аударылуда.
Департамент алдағы уақытта да халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, дәрілік заттардың заңды айналысын қамтамасыз етуге және азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жамбыл облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында қызметкерлердің қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ қызметкерлер арасында денсаулықты нығайту мәдениетін қалыптастыру.
Семинар барысында тұрақты дене белсенділігінің адам денсаулығына оң әсері, жұмыс қабілеттілігін арттырудағы және түрлі аурулардың алдын алудағы спорттың маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар күнделікті қозғалыс белсенділігін арттыру, спортпен жүйелі түрде айналысу және дұрыс өмір салтын ұстану жөнінде ұсынымдар берілді.
Кездесуге қатысушылар спортпен шұғылдану адамның физикалық денсаулығын нығайтумен қатар, көңіл күйге, еңбек өнімділігіне және жалпы өмір сапасына оң әсер ететінін атап өтті.
Іс-шара қорытындысында Департамент қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт пен дене белсенділігін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдырудың маңыздылығын атап өтті.
Спорт – денсаулық кепілі! Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың негізі!
2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде жаңа заңнамалық нормаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б. Кенжеқұлов және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Е. Жылысбаев қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау, заң талаптарын біріздендіріп қолдану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнаманы тәжірибеде тиімді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С.Т. Джузбаева және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі қатысты.
Семинар барысында Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, тәртіптік жазаларды қолдану тәртібі, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерді сақтау, сондай-ақ заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктер мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтарға жатқызылатыны түсіндірілді. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылатыны жеткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын қызмет барысында да, қызметтен тыс уақытта да сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама аясында толық жауаптар берілді.
|
№ р/н |
Ұсынылымдар |
Іс-шаралар |
Орындалуына жауапты |
Аяқталу нысаны |
Іс-шараларды орындау мерзімі |
|
1 |
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"ҚР 18.11.2015 жылғы №410 Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің 12-бабы қатаң сақтауға. |
Кеңесу түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Департамент қызметкерлері |
Хаттама |
Әрдайым |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша семинарларды, дөңгелек үстелдерді, әңгімелесулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен келісім бойынша) |
Семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар |
Департамент басшысы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл водомства өкілдерімен |
Хаттама |
Жыл ішінде |
|
3 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын және қызметтік әдеп нормативтерін сақтауды түсіндіру
|
Түсіндіру кеңес жұмыстарын жүргізу |
Бас маман заңгері, әдеп жөніндегі өкілімен |
Хаттама |
Тоқсан сайын |
Бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 2 – жартыжылдығында, және 2026 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің, медициналық қызметті бақылау бөлімі, Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі, Кеңсе қызметі, бас маман заңгері қызметі, Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі, Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жұмыс тобы 2026 жылы 8 мамырынан бастап 2025 жылғы 19 маусымға дейін бекітілген кестеге сай жұмыс жүргізілді.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша ішкі талдау жүргізген жұмыс тобы төмендегідей ұсыныстар енгізеді:
- Департаменттің Медициналық қызметті бақылау бөлімі, Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі, Кеңсе қызметі, бас маман заңгері қызметі, Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі, Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі,, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін және арыз-шағымдардың қаралу мерзімдерін, уақытылы тіркеліп есепке алынуды, және шығыс құжаттары бойынша мерзімдерін сақтауды қадағалауын, бөлім басшыларына қатаң бақылауға алуды, еңбек тәртібін, және де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын қатаң түрде сақталуын қадағалауды назарға жеткізду, Азаматтарды қабылдау кезінде, азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүзеге асыруды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтап, жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзбауға.
Департаменттің Медициналық қызметті бақылау бөлімі, Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі, Кеңсе қызметі, бас маман заңгері қызметі, Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі, Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі, қызметін реттейтін жоғарыда аталған НҚА және тағы басқа НҚА зерделеуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Департамент қызметкерлері Медициналық және фармацевтикалық мемлекеттік қызметтер көрсету сатысында, және медициналық және фармацевтикалық бақылау жүзеге асыру сатысында төмендегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, және барынша бақылауды талап етеді.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ағымдағы жылы алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған маман Бопеева А.А. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдап, мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілігі мен абыройлы міндетін ресми түрде өз мойнына алды.
Мемлекеттік қызметшінің анты – халыққа адал қызмет етудің, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстанудың, мемлекет мүддесіне қалтқысыз еңбек етудің айқын көрінісі.
Департамент ұжымы Бопеева А.А.-ны осы маңызды оқиғамен құттықтап, қызмет жолында кәсіби табыс, жауапты қызметінде жетістіктер мен ел игілігі жолындағы жемісті еңбегіне толағай табыстар тіледі.
«ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 08 мамырынан бастап 19 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізуді жоспарлап отыр.
Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы немесе оларды жою бойынша ұсыныстарды электрондық поштаға жіберуге болады n.togysbay@dsm.gov.kz немесе мекен-жайы бойынша: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әбдірахман Әйтиев көшесі 27, Телефоны: 8 (7262) 45-37-69