№168-НҚ бұйрығының өзгерісі жайлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:                                                                                 Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі              № 214-НҚ «Телексер® (Дабигатрана этексилат), капсулалар, 110 мг, 150 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының 2026 жылғы 16 наурыздағы №168-НҚ бұйрығына мына өзгеріс енгізілді, 1-тармағына сәйкес «Рихтер Темис Медикэр (Индия) Пвт.Лтд, Индия» сөздері «Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия» деген сөздермен ауыстырылғанын хабарлайды. БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Телексер® (Дабигатрана этексилат), капсулалар, 110 мг, 150 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының 2026 жылғы 16 наурыздағы №168-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
  2. - бұйрықтың 1-тармағындағы «Рихтер Темис Медикэр (Индия) Пвт.Лтд, Индия» сөздері «Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия» деген сөздермен ауыстырылсын.
Дата публикации
20 апреля 2026