Комитет Төрағасының міндетін атқарушысының 2026 жылғы 23 қаңтардағы №46-НҚ «Дәрілік заттың медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып тастау туралы», 2026 жылғы 23 қаңтардағы 47-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып қою туралы» және 2026 жылғы 23 қаңтардағы 48-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып қою туралы» бұйрықтары

Комитет Төрағасының міндетін атқарушысының 2026 жылғы 23 қаңтардағы  №46-НҚ «Дәрілік заттың медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып тастау туралы», 2026 жылғы 23 қаңтардағы 47-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) медициналық қолданылуын  тоқтата тұру және қолданыстан алып қою туралы» және 2026 жылғы 23 қаңтардағы    48-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) медициналық қолданылуын  тоқтата тұру және қолданыстан алып қою туралы» бұйрықтарын  ақпарат ретінде жібереді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 16-тармағына сәйкес  мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген мәліметтер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік органға қолданылуы тоқтатыла тұрған, тыйым салынған немесе шектелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жиынтық ақпаратты жолдауы қажет.

Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және 11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға берілген сәйкестік сертификаттары кері қайтарылсын.

Дата публикации
29 января 2026