Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Химфарм акционерлік қоғамы өндіруші «Цеф III®+ Лидо, бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г, 1.0 г құтыда, 3.5 мл еріткіштен ампулада, 1 құты препарат 1 ампула еріткішімен картон қорапшада» сериялары № 23090173 және № 24100085 дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтірілсін.
«Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 294-НҚ бұйрығының күші жойылсын.