«Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 14 қарашадағы №513-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 14 қарашадағы №513-НҚ ақпарат ретінде жібереді.

Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын:

  1. Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын:
  • «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг», ҚР-ДЗ-5№022684, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Химфарм» АҚ, Қазақстан;
  • «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 40 мг», ҚР-ДЗ-5№022684, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Химфарм» АҚ, Қазақстан.
Дата публикации
24 ноября 2025