«Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 100 мг, 200 мг және 300 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы Комитет төрағасының 2025 жылғы 19 тамыздағы №395-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған  таблеткалар, 25 мг, 100 мг, 200 мг және 300 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы Комитет төрағасының 2025 жылғы 19 тамыздағы №395-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылсын:

  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017052;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017053;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017054;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017055.

 

 

Дата публикации
03 октября 2025