Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитет Төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 1 қазандағы №444-НҚ «Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
«АнтиВГС-ИФА «қан сарысуындағы (плазмасындағы) С гепатиті вирусына антиденелерді иммуноферментті анықтауға арналған реагенттер жинағы» сериясы №: k110/5011/1, жарамдылық мерзімі 02.2027 ж., «ХЕМА» ЖШҚ өндірушісі, Ресей, ҚР-ММБ-0№023470 медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.