Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Мына медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:
1)«Топамакс, капсулалары 25 мг», РК-ДЗ-5№003911, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико;
2)«Топамакс, капсулалары 50 мг», РК-ДЗ-5№010414, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
1.Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылсын:
1) «Топамакс, капсулалары 25 мг», РК-ДЗ-5№003911, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико;
2) «Топамакс, капсулалары 50 мг», РК-ДЗ-5№010414, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Johnson & Johnson Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № R-035-25.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов