«Бланель, көпіршитін таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 18 тамыздағы №390-НҚ бұйрығы

  

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

«Бланель, көпіршитін таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 18 тамыздағы №390-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

  1. «Бланель, көпіршитін таблеткалар» тіркеу куәлігін ұстаушы Др. Пфлегер Арцнаймиттель ГмбХ, Германия, ҚР-ДЗ-5№025108 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: Х.Аббе Фарма ГмбХ («H.Abbe Pharma GmbH»)» компания өкілінің 2025 жылғы  04 тамыздағы  № 011/25 хаты.

 

 

Дата публикации
25 августа 2025