Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Простамол® Уно , капсулалар, 320 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 19 тамыздағы №396-НҚ бұйрығын, «Акинзео®, капсулы, 300 мг/0.5 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 19 тамыздағы №397-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
- «Простамол® Уно , капсулалар, 320 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп), Германия, ҚР-ДЗ-5№022368 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Берлин – Хеми АГ» АҚ филиалының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 215 хаты.
- «Акинзео®, капсулалар, 300 мг/0.5 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы Хелсинн Байрекс Фармасьютикалс Лтд., Ирландия, ҚР-ДЗ-5№023962 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Берлин – Хеми АГ» акционерлік қоғамы филиалының 2025 жылғы 28 шілдедегі № 116 хаты.