Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Максигра® White, шайнайтын таблеткалар, 25 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 14 тамыздағы №384-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғам 2025 жылғы 25 шілдедегі № 328 хаты.