Фармацевтикалық ұйымдарға
Маңызды!
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы
бойынша Департаменті 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан
әрі – Кодекс) 233-бабының 3-тармағының нормасы күшіне енуіне 6 айдан кем
уақыт қалғанын ( 2026 жылдың 1 қаңтары), тиісті дәріханалық практика (GPP)
талаптарын сақтау үшін хабарлайды.
Осыған байланысты, GPP талаптарына сәйкестік сертификаты жоқ әрбір
дәріханалық ұйым 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін фармацевтикалық
инспекция жүргізу үшін өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Фармацевтикалық инспекцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген
тиісті дәріханалық практика талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық
қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды инспекциялау қағидаларына сәйкес
өткізу қажет. Аталған өтінім инспекциялар кестесіне енгізу үшін негіз болып
табылады.
Департаментің сайтында дәріханаларға арналған стандартты операциялық
процедуралардың (СОП) үлгілерін қоса алғанда, түсіндіру материалдары
орналастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдарды өткізу тәртібін бұзғаны үшін шаралар көзделгенін
хабарлаймыз.
Департамент басшы А.Балгабаева