- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына. Автоматты гематологиялық анализатор, жабық жүйе модельдік қатар MS4-S(3Diff/5Diff) MS4-Se (3Diff) MS9-5S(5Diff), , өндірушісі Melet Schloesing Laboratoires, Франция, ҚР-МТ-0№022432 медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10 бабының 7) тармақшасы, 259-бабының
1-тармақ 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- Автоматты гематологиялық анализатор, жабық жүйе модельдік қатар MS4-S(3Diff/5Diff) MS4-Se (3Diff) MS9-5S(5Diff), , өндірушісі Melet Schloesing Laboratoires, Франция, ҚР-МТ-0№022432 медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: «KAZMEDEQ.KZ» жауапкерлігі шектеу серіктестігінің
2025 жылғы 10 маусымдағы №ЗТ-2025-01911718 хаты.