«Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 250мг және 500 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 250мг және 500 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 29 шілдедегі №363-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

  1. Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылсын:
  • «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 250 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы «Сандоз С.Р.Л.», Румыния, ҚР-ДЗ-5№014243;
  • «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 500 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы «Сандоз С.Р.Л.», Румыния, ҚР-ДЗ-5№014244.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  2. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Новартис Фарма Сервисэз АГ» копмпаниясының филиалы 2025 жылғы 10 шілдедегі №RA-103 хаты.

 

 

 

 

Дата публикации
31 июля 2025