«Халиксол®, ішуге арналған ерітінді, 3 мг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 18 шілдедегі №354-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Халиксол®, ішуге арналған ерітінді, 3 мг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы  18 шілдедегі  №354-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

«Халиксол®, ішуге арналған ерітінді, 3 мг/мл» тіркеу куәлігін ұстаушы «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» жабық акционерлік қоғам, Венгрия,                                           2024 жылғы 03 қазандағы ЛП-000417-ГП-KZ дәрілік затының тіркеу куәлігі  кері қайтарылсын.

Дата публикации
22 июля 2025