«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар)
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Өндірушісі «Medtronic Inc», тіркеу куәлігінің номері ҚР-ММБ-5№115025 «Қолқа түбінің антеградтық канюлясы және қан тамырларының сағаларын перфузиялауға арналған MiAR, DLP канюлясы жинағымен бірге және жинақсыз, өлшемдері (Fr) 4, 5, 7, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 20», медициналық бұйымның 2023110253, 2023111650, 2024020445 сериялары (партиялары) айналыстан алып қойылсын.
2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
3.Сараптама ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 тіркелген) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10, 11-тармақтарына сәйкес осы шешім туралы ақпарат алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) медициналық бұйымның 1-тармақта крсетілген сериялары (партиялары) берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын айналыстан алып қойылсын.
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын айналыстан алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
4.Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
5.«Қолқа түбінің антеградтық канюлясы және қан тамырларының сағаларын перфузиялауға арналған MiAR, DLP канюлясы жинағымен бірге және жинақсыз, өлшемдері (Fr) 4, 5, 7, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 17, 20 медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы №303-НҚ бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
6.Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасарына жүктелсін.
7.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «Медтроник Казахстан» ЖШС 2025 жылғы 24 маусымдағы № ЗТ-2025-02100485 хаты.