«Эспа-Липон, 600 мг, қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 04 шілдедегі №331-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Эспа-Липон, 600 мг, қабықпен  қапталған таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы  04 шілдедегі №331-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

«Эспа-Липон, 600 мг, қабықпен қапталған таблеткалар» тіркеу куәлігін ұстаушы Эдванс Фарма ГмбХ, Германия, ҚР-ДЗ-5№012118 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын.

 

Дата публикации
09 июля 2025