Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Диклофенак» бұлшықет ішіне енгізуге аргалған ерітінді 75 мг дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы 2025 жылғы 2 маусымдағы №271-НҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы міндетін атқарушысының бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
«Диклофенак», бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 75 мг, өндірушісі «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, тіркеу куәлігін ұстаушысы «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5 № 025480 кері қайтарылсын.