Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Euflexxa», 1% 2 мл натрий гиалуронаты № 3 шприцте медициналық бұйым тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» 2025 жылғы 21 сәуірдегі №220-НҚ Комитет төрағасының бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
Медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын:
- Био-Технолоджи Дженерал (Израиль) Лтд, Израиль өндірушісі, тіркеу куәлігін ұстаушы Био-Технолоджи Дженерал (Израиль) Лтд, Израиль, Euflexxa, 1% 2 мл натрий гиалуронаты № 3 шприцте, медициналық бұйым, ҚР-ММБ-5№0008772.