Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасы міндетін атқарушысының 2025 жылғы 10 сәуірдегі «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» № 205-НҚ бұйрығы нақпарат ретінде жібереді.
Стерил-Ген Лайф, Индия өндіруші «Миропентан, капсулалар, 100 мг» № ҚР-ДЗ-5№024579 дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысың 2024 жылғы 9 қазандағы № 438-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.