Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасы міндетін атқарушысының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті хабарлайды.

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасы міндетін атқарушысының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 3-НҚ «Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

  1. Осы медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұрылсын:

1) Fresenius Medical Care AG, Германия өндірген № ҚР-ММБ-5№013440 «Стерильді бір рет қолданылатын FX класты капиллярлық диализатор, өлшемдері: FX 60 classix», F9FB14100 сериясы, сақтау мерзімі 31.01.2027 ж.;

2) Merit Medical Systems, Inc., АҚШ өндірген № ҚР-ММБ-5№018163 «Merit SplashWire™ Hydrophilic диагностикалық өткізгіші MSWSTDS35180 ішкі диаметрі. 035 дюйм; ұзындығы 180 см», K2651282 сериясы, сақтау мерзімі 01.04.2026 ж.

 

 

Дата публикации
06 января 2025