Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Сульфасалазин үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 27 қарашадағы № 532-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
- KRKA, d.d., Novo mesto., Словения өндірушісі, Сульфасалазин үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, № ҚР-ДЗ-5№003393.