Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Bausch&Lomb Optima FW (polymacon) жұмсақ жанаспалы линзалары» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитет төрағасының м.а. 2024 жылғы 19 қарашадағы №512-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
Bausch&Lomb Optima FW (polymacon) жұмсақ жанаспалы линзалары, Bausch & Lomb Incorporated, АҚШ өндірушісі, ҚР-ММБ-5№003219.