Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір медициналық бұйымдарды және дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» Комитет төрағасының м.а. 2024 жылғы 08 қарашадағы №494-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№019896 |
27.02.2018 |
Тиоктацид 600 БВ |
MEDA Manufacturing GmbH, Германия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№013748 |
01.04.2020 |
Тиоктацид 600 Т |
Siegfried Hamein GmbH, Германия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№018872 |
02.11.2016 |
Легалон®70 |
Madaus GmbH, Германия |
|
№ ҚР-ДЗ-5№018873 |
02.11.2016 |
Легалон®140 |
Madaus GmbH, Германия |